Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға онлайн қабылдау жүйесі

Өтініш беру

Оқуға түсу процесі

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

МАГИСТРАТУРА

өндірістен қол үзіп, 1 жыл оқу мерзімімен

  • Мемлекеттік басқару
  • Адами ресурстарды басқару
  • Өңірлік даму

өндірістен қол үзіп, 1.5 жыл оқу мерзімімен

  • Мемлекеттік саясат
  • Экономика
  • Халықаралық қатынастар

1 жыл оқу мерзімімен, мемлекеттік қызметші болып
табылмайтын тұлғалар үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша

  • Мемлекеттік басқару (EMPA)
  • Өңірлік даму
Programs

ДОКТОРАНТУРА

өндірістен қол үзіп, үш жыл оқу мерзімімен

  • Мемлекеттік басқару
  • Экономика
  • Халықаралық қатынастар
Programs

Білім беру бағдарламалары туралы толық ақпаратты apa.kz сайтынан біле аласыздар

Бейне нұсқаулық

Жиі қойылатын сұрақтар

Академияда оқыған уақыт мемлекеттік органның жолдамасы арқылы оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер үшін ғана еңбек өтіліне есептеледі.

Жоқ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік орган тұрақты штаттық лауазымдағы мемлекеттік қызметшіні жолдайды. Тиісінше, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін (бала күтімі бойынша демалыстан, оқу демалысынан және т.б.) уақытша лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатыса алмайды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (лауазымы) Академия, білім алушы және мемлекеттік органның арасындағы үшжақты келісім шарттың негізінде сақталады. Академияда білім алу уақыты оқу демалысы болып ресімделеді.

Иә, сертификат құжаттарды тапсыру кезеңінде оны жүйеге жүктеген уақытта жарамды болуы керек.

Үміткер qrt.kz сайтында тіркеліп, төлем жүргізуі қажет, содан кейін өзіне ыңғайлы кез келген уақытта онлайн тестілеуден өте алады.

Таңдалған білім беру бағдарламасын Ақпараттық жүйедегі Жеке кабинетте құжаттар қабылдау мерзімінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылғы 26 маусымға дейін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда жаңадан таңдалған бағдарламаны көрсете отырып, мемлекеттік органның жолдамасын ауыстыру қажет болады.

Сұхбат кезінде үміткерлердің кәсіби және жеке құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу деңгейін анықтауға арналған сұрақтар қойылады. Бұған қоса, іріктеудің бірінші кезеңінде жазылған аналитикалық эссе бойынша сұрақтар қойылатын болады.

Модульдік бағдарламалар бойынша оқу мерзімі - 12 ай және 4 модульге бөлінген. Әрбір модуль офлайн форматтағы 2 апталық интенсивті оқыту және 5 апталық қашықтықтан оқыту форматында өткізіледі. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасы өндірістік практика мен тағылымдаманы, магистрлік жобаны қорғауды көздейді.

Жатақханадағы (Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйден) бөлме оқуға түсушілерге Астана қаласында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасы мен өтініші негізінде беріледі.
© Барлық құқықтар сақталған 2024