Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға онлайн қабылдау жүйесі

Өтініш беру

МАҢЫЗДЫ МЕРЗІМДЕР

Оқуға түсу процесі

РЕГИСТРАЦИЯ

1-ҚАДАМ

Тіркелу/Кіру

Академияның admission.apa.kz ақпараттық жүйесінде «Өтініш беру» батырмасына басып, «Резидент» немесе «Резидент емес» азаматтық мәртебеңізді таңдаңыз.
«Резидент» мәртебесін таңдап, жүйеге ЭЦҚ арқылы кіріңіз және талап етілгеннің барлығын толтырыңыз.
Бұрын жүйеге тіркелген болсаңыз, «Кіру» батырмасына басып, ЭЦҚ арқылы Жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
Шетелдік азаматтар, «Резидент емес» мәртебесін таңдап, бірден деректерді толтыруға кіріседі.
Жеке деректерді жинау және өңдеу туралы келісімді, сондай-ақ пайдаланушы келісімін мұқият оқып шығыңыз және Растауды ✅ белгілеңіз.

Хабарламалар легінде 2025-2026 оқу жылына арналған Оқуға қабылдау қағидаларымен мұқият танысып алыңыз.
Подача документов

2-ҚАДАМ

Өтінімді
қалыптастыру

Өтінім парақшаның сол жақ жоғары бұрышында, «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Өтінім беру» батырмасы арқылы беріледі.
Өтінімде барлық қажетті бөлімдерді толтырып, құжаттарды жүктеп, әр бөлімнің соңында «Сақтау» батырмасын басып отыру керек.
Егер «Е-қызмет» АЖ алынған деректер өзекті болып табылмаса, оларды өзектендіру үшін Сіздің мемлекеттік органның кадр қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Деректерді жаңартқаннан кейін ақпаратты синхрондау үшін «Деректерді жаңарту» түймесін басыңыз. .
ОТБОР претендентов

3-ҚАДАМ

Қазақ тілін
меңгеру деңгейін
растайтын
cертификат

Өтінімді толтыру барысында, «Қазақ тілі» бөлімінде өзіңізде бар сертификат түрін таңдау керек.
«Қазтест»-ті таңдаған жағдайда, сертификатты жүктеуге мүмкіндік пайда болады.
Егер Сіз «QazaqResmiTest» тапсырған болсаңыз, меңгерген деңгейіңізді белгілеп, «Сақтау» батырмасын бассаңыз, Академия жүйесі QazaqResmiTest жүйесімен кіріктірілгендіктен, сертификат жүйеде табылғандығы туралы жасыл түсті хабарлама пайда болады.
Место работы

4-ҚАДАМ

Жұмыс орны

Жұмыс орны туралы деректерді толтыру кезінде мемлекеттік жүйелерден, оның ішінде қызметтік тізімнен жүктелген ақпаратты дәлсіздіктер мен өзектіліктің бар-жоғын тексеру қажет.
Қателер анықталған жағдайда оларды өзектендіру үшін жұмыс орнындағы кадр қызметіне хабарласыңыз.
Осыдан кейін деректерді жаңарту үшін «Жаңарту», содан кейін «Сақтау» түймесін басыңыз. Егер деректер жүктелмесе, оны қолмен енгізіңіз.
РЕЗУЛЬТАТЫ

5-ҚАДАМ

Өтінімді жолдау

Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін, міндетті түрде «Жіберу» батырмасын басыңыз. Осы кезде Сіздің өтініміңіз аяқталған болып есептеледі және «Жауап күтілуде» мәртебесі пайда болады.
Бұл кезде өтінімге өзгерістер енгізіп, жүктелген құжаттарды ауыстыру мүмкін емес.
Қабылдау комиссиясының менеджерлері Сіздің өтініміңізді үш жұмыс күн ішінде қарастырады. Құжаттардың толық емес топтамасын және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Қабылдау комиссиясы «Түзеуге жіберілді» мәртебесі арқылы құжаттарды толықтыру немесе ауыстыру керек екендігі туралы хабарлайды.
Бұл жағдайда Сізге барлық ескертулерді Құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін жөндеп үлгеру керек.
(25.06.2025 23:59:59)
РЕЗУЛЬТАТЫ

6-ҚАДАМ

Өтінімді беруді
аяқтау

Сіздің өтініміңіздің мәртебесі туралы білу үшін Жеке кабинетіңіздегі «Менің өтінімдерім» бөлімін үнемі тексеріп отырыңыз.
Барлық талаптарға сай келген жағдайда, «Қол қою күтілуде» мәртебесі көрсетіледі, осы кезде өтініміңізді RSA электронды-цифрлық кілтімен қол қою керек.
Әрі қарай сіздің мәртебеңіз «Конкурсқа жіберілді» болып өзгереді.

СІЗДЕРДІ КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ КҮТЕМІЗ!

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

МАГИСТРАТУРА

өндірістен қол үзбей жүргізілетін оқу мерзімі бір жыл білім беру бағдарламалары:

  • Мемлекеттік басқару;
  • Цифрлық мемлекеттік басқару;
  • Құқық

өндірістен қол үзбей жүргізілетін оқу мерзімі бір жарым жыл білім беру бағдарламалары:

  • Адами ресурстарды стратегиялық басқару;
  • Өңірлік даму

өндірістен қол үзбей жүргізілетін оқу мерзімі екі жыл білім беру бағдарламалары:

  • Мемлекеттік саясат;
  • Халықаралық қатынастар;
  • Экономика

модульдік оқыту қағидаты бойынша оқу мерзімі бір жыл білім беру бағдарламалары:

  • Мемлекеттік басқару;
  • Іскерлік әкімшілендіру;
  • Өңірлік даму
ДОКТОРАНТУРА

өндірістен қол үзбей оқу мерзімі үш жыл білім беру бағдарламалары:

  • Мемлекеттік басқару;
  • Экономика;
  • Халықаралық қатынастар
Білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді www.apa.kz сайтынан білуге болады

Бейне нұсқаулық

Жиі қойылатын сұрақтар

Академияда оқу уақыты мемлекеттік органның жолдамасы бойынша оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер үшін ғана мемлекеттік қызмет өтілі ретінде есептелінеді.

Жоқ, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік орган тұрақты штаттық қызметтегі мемлекеттік қызметшіні ғана жібереді. Тиісінше, уақытша лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатыса алмайды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны (лауазымы) Академия, білім алушы және мемлекеттік орган арасындағы үшжақты шарт негізінде сақталады. Академияда оқу уақыты оқу демалысы ретінде рәсімделеді.

Иә, сертификат құжаттарды тапсыру кезеңінде жүйеде құжатты жүктеу барысында жарамды болуы керек.

Үміткер qrt.kz сайтына тіркелуі қажет, содан кейін төлем жасап, онлайн тестілеуден кез келген ыңғайлы уақытта өте алады.

Таңдалған білім беру бағдарламасын admission.apa.kz ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте құжаттарды қабылдау мерзімінің соңына дейін, яғни осы жылғы 1 маусымға дейін өзгерту мүмкіндігі болады. Бұл жағдайда жаңадан таңдалған бағдарламаны көрсете отырып, мемлекеттік органның жолдамасын ауыстыру қажет болады.

Сұхбат барысында үміткерлердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын анықтау, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу тұрғысынан сұрақтар қойылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері, мәслихат депутаттары.

Модульдік бағдарламалар бойынша оқу мерзімі 12 ай, оқу жылы 6 модульге бөлінген. Әрбір модуль офлайн форматтағы 2 апталық оқудан және 4-5 апталық қашықтан оқудан тұрады. Сонымен қатар білім беру бағдарламасы өндірістік практикадан, тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ магистрлік жобаны қорғауды қамтиды.

Жатақханадағы (Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйдегі) бөлме Астана қаласында жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама мен өтініш негізінде күндізгі оқу нысанындағы оқуға түсушілерге беріледі.
© Барлық құқықтар сақталған 2025