Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихат депутаттары.
Модульдік бағдарламалар бойынша оқу мерзімі – 12 ай, оқу жылы 6 модульге бөлінген. Әрбір модуль офлайн форматта 2 апталық оқытудан және 4-5 апталық қашықтықтан оқытудан тұрады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасы өндірістік практика мен тағылымдаманы, сондай-ақ магистрлік жобаны қорғауды білдіреді.
Үміткер qrt.kz сайтында тіркеліп, төлем жүргізуі қажет, содан кейін өзіне ыңғайлы кез келген уақытта онлайн тестілеуден өте алады.
Таңдалған білім беру бағдарламасын admission.apa.kz ақпараттық жүйесіндегі Жеке кабинетте құжаттар қабылдау мерзімінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылғы 30 қарашаға дейін өзгертуге мүмкіндік болады.
Сұхбат кезінде үміткерлердің кәсіби және жеке құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу деңгейін анықтауға арналған сұрақтар қойылады.
Иә, сертификат құжаттарды тапсыру кезеңінде оны жүйеге жүктеген уақытта жарамды болуы керек.