Page 10 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 10
- өз қаражаты есебінен осы Ережелерде қарастырылған шарт жасалған
жағдайда және шарт талаптарына сәйкес ақы төленген жағдайда;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаражат көздері есебінен Академияның басқа ұйымдармен жасасқан келісім
шарттарына сәйкес осы Ережелерде қарастырылған шарт жасалған жағдайда.
26. Академия білім алушылармен мынадай шарттардың түрлерін
жасасады:
- осы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке
тұлғалардың қаражаты есебінен Академия мен Білім алушы арасында жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура) білім беру бағдарламалары
бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған екіжақты шарттар;
- осы Ережелердің 5 және 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша
Академия, Білім алушы және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген
мемлекеттік орган арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
(магистратура, докторантура) білім беру бағдарламалары бойынша оқуды
ұйымдастыруға арналған үшжақты шарттар;
- осы Ережелердің 7 және 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Білім
алушының қаражаты есебінен Академия, Білім алушы және мемлекеттік орган
арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура, докторантура)
білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үшжақты
шарттар;
- осы Ережелердің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия,
Білім алушы және аталған тұлғаны Академияға оқуға жіберген заңды тұлға
арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура) білім беру
бағдарламалары бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үшжақты шарттар;
- осы Ережелердің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия,
мемлекеттік қызметшілер үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша оқитын
Білім алушы мен осы адамды Академияға оқуға жіберген заңды тұлға
арасындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура) білім беру
бағдарламалары бойынша оқуды ұйымдастыруға арналған үшжақты шарттар;
- осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Академия
мен мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен
қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері,
квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін
модульдік оқыту қағидаты бойынша Білім алушы арасындағы жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша
оқуды ұйымдастыруға арналған екіжақты шарттар.
27. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
(магистратура, докторантура) бойынша білім алушылар қатарына қабылдау
Академия ректорының оқуға қабылдау туралы бұйрығынан көшірмемен
расталады.
Академияға оқуға түсуге арналған конкурстық іріктеуден өтпеген
үміткерлерге тиісті хабарлама жіберіледі.
9