Page 6 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 6
басқару – Master of Public Administration» магистратура білім беру
бағдарламасына:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру
сәтінде саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері және
«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері («А» санатының тобы – А-1, А-2,
А-3, «В» санатының тобы – В-1, В-2, В-3, «С» санатының тобы – С-1, С-2, С-3),
орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өңіраралық
және облыстық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың
республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелерінің
қызметшілері (С-О-1, С-О-2, С-О-3), жергілікті бюджеттен
қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының қызметшілері
(«D» санатының тобы – D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-O-2), «Е» санатының тобы – Е-
1, Е-2), орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы
мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарын атқаратын немесе Қарулы
Күштер әскери басқару органының немесе әскери оқу орындарының жедел-
тактикалық деңгейінен төмен емес және мемлекеттік қызметте басшы
лауазымында кемінде екі жыл еңбек өтілі немесе орта, ірі кәсіпкерлік
субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік,
трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдарда басшы
лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілер болып
табылатын тұлғалар қабылданады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық
лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
15.2. оқу мерзімі бір жарым жыл өндірістен қол үзіп жүргізілетін
«Халықаралық қатынастар – Master of International Relations» магистратура
білім беру бағдарламасына:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру
сәтінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде немесе
халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен айналысатын орталық мемлекеттік
органдардың құрылымдық бөлімшелері мен олардың аумақтық
бөлімшелерінде, жергілікті мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл
мемлекеттік қызмет өтілі бар осы Министрліктің не аталған құрылымдық
бөлімшелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылатын тұлғалар
қабылданады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаржыландыру көздері есебінен құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде екі жыл
жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.
15.3. оқу мерзімі бір жыл, өндірістен қол үзіп жүргізілетін «Адами
ресурстарды басқару – Master of Human Resource Management» және «Өңірлік
даму – Master of Regional Development» магистратура білім беру
бағдарламаларына:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша құжаттарды тапсыру
5