Page 8 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 8

және таңдалған бағдарлама бойынша конкурстық рәсімдерден өтеді.

                                               4. Конкурсты өткізу тәртібі

                   18. Конкурстық іріктеуге Академияның ақпараттық жүйесінде тіркеуден
            өткен  және  осы  Ережелердің  9-15-тармақтарында  көрсетілген  талаптарға  сай
            келетін тұлғалар жіберіледі.
                   19. Академияға  оқуға  түсуге  арналған  конкурстық  іріктеу  келесідей
            кезеңдерден тұрады:
                   19.1.  оқу  мерзімі  бір  және  бір  жарым  жыл,  өндірістен  қол  үзіп
            жүргізілетін магистратураның білім беру бағдарламаларына конкурстық іріктеу
            мынадай екі кезеңнен тұрады:
                   1) аналитикалық эссе жазу;
                   2) сұхбат.
                   19.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге
            де  қаржыландыру  көздері  есебінен  оқу  мерзімі  бір  жыл,  мемлекеттік
            қызметшілер,          мемлекеттік        бюджет         есебінен       қаржыландырылатын
            ведомстволық  бағынысты  ұйымдардың  өкілдері,  квазимемлекеттік  сектор
            субъектілері,  мәслихаттар  депутаттары  үшін  модульдік  оқыту  қағидаты
            бойынша  жүргізілетін  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларына
            конкурстық іріктеу мынадай екі кезеңнен тұрады:
                   1) аналитикалық эссе жазу;

                   2) сұхбат.
                   19.3.  оқу  мерзімі  үш  жыл  өндірістен  қол  үзіп  жүргізілетін
            докторантураның          білім     беру     бағдарламаларына           конкурстық        іріктеу
            төмендегідей үш кезеңнен тұрады:
                   1) зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалау;
                   2) аналитикалық эссе жазу;
                   3) сұхбат.
                   20.    Академияға  оқуға  қабылдау  туралы  шешім  конкурстық  іріктеудің
            барлық  кезеңдерінен  сәтті  өткен  үміткердің  қорытынды  бағасы  негізінде
            қабылданады.
                   Қорытынды  баға  конкурстық  іріктеудің  бағалау  нәтижелерін,  олардың
            үлес салмағын ескере отырып, жинақтау жолымен алынған балдар жиынтығын
            білдіреді.
                   21.    Конкурстық  іріктеу  кезеңдерін  өткізу  тәртібі  осы  Ережелердің  2-
            қосымшасына  сәйкес  магистратура  мен  докторантураның  білім  беру
            бағдарламалары          бойынша         конкурстық         іріктеу      кезеңдерін       өткізу
            технологиясына сәйкес жүзеге асырылады.

                             5. Магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібі

                   22. Конкурс қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураның
            білім  беру  бағдарламалары  бөлінісінде  үміткерлердің  жинаған  балдары

                                                            7
   3   4   5   6   7   8   9   10