Page 3 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 3

Академияға оқуға жібереді.
                   6. Академия  ҚР  БҒМ  2018  жылғы  13  қазандағы  №  569  бұйрығымен
            бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлау
            бағыттарының сыныптауышына сәйкес, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
            кадрларды,  оның  ішінде  мемлекеттік  қызметшілер,  мемлекеттік  бюджет
            есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері,
            квазимемлекеттік  сектор  субъектілері,  мәслихаттар  депутаттары  үшін
            модульдік       оқыту      қағидаты       бойынша        магистратураның         білім     беру
            бағдарламалары  шеңберінде  мынадай  бағыттарға  сәйкес  даярлауды  жүзеге
            асырады:
                   7М031 Әлеуметтік ғылымдар;
                   7М041 Бизнес және басқару;
                   8D031 Әлеуметтік ғылымдар;
                   8D041 Бизнес және басқару.
                   7. Құжаттарды  қабылдауды  ұйымдастыру,  конкурстық  іріктеуді  өткізу
            және Академияға оқуға қабылдау үшін жыл сайын Қабылдау және Конкурстық
            комиссиялар  құрылады,  олардың  құрамы  Академия  ректорының  бұйрығымен
            бекітіледі.  Комиссиялардың  құрамына  Қазақстан  Республикасы  Президенті
            Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
            өкілдері,  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  және  қалалар  мен  облыстар
            мәслихаттарының депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың,
            квазимемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық және халықаралық

            компаниялардың,  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің
            өкілдері,  Академияның  қызметкерлері,  сондай-ақ  халықаралық  сарапшылар
            кіреді.
                   Қабылдау        комиссиясы         Қазақстан       Республикасы         Президентінің
            жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясына  оқуға  үміткерлерді  іріктеу
            жөніндегі  қабылдау  комиссиясы  туралы  ережеге  сәйкес  бүкіл  қабылдау
            науқаны бойы жұмыс істейді.
                   Конкурстық комиссиялар магистратура мен докторантураның білім беру
            бағдарламалары бөлінісінде құрылады.

                                           2. Құжаттарды қабылдау тәртібі

                   8. Магистратура  және  докторантура  бағдарламалары  бойынша  оқуға
            құжаттарды  қабылдау  Академияның  ақпараттық  жүйесі  арқылы  жүзеге
            асырылады.
                   9. Жыл  сайын  оқуға  үміткерлер  Академияның  ақпараттық  жүйесіне  1
            сәуірден бастап 26 маусымға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде тіркеледі.
                   Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де
            қаржыландыру көздері есебінен мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет
            есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері,
            квазимемлекеттік  сектор  субъектілері,  мәслихаттар  депутаттары  үшін
            модульдік оқыту қағидаты бойынша жүзеге асырылатын оқу мерзімі бір жыл

                                                            2
   1   2   3   4   5   6   7   8