Page 4 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 4
магистратураның білім беру бағдарламаларына Академияда оқуға құжаттарды
қосымша қабылдау 1 қарашадан бастап 30 қарашаға (қоса алғанда) дейін
жүргізіледі.
Үміткерлер келесі құжаттарды электрондық форматта жүктей отырып
Академияның ақпараттық жүйесіне тіркеледі:
1) мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті
орган бекіткен құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес
қалыптастырылған, мемлекеттік қызметшілер үшін осы Ережелердің 1-
қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орган берген жолдаманың
сканерленген нұсқасы.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің – мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің жолдамасына сыртқы саяси қызмет саласындағы ведомство
аппаратының басшысы қол қоятын жағдайларды қоспағанда, жолдамаға
үміткерді атқаратын лауазымына тағайындау құқығы бар лауазымды адам қол
қояды.
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) қосымшасы бар жоғары білімі туралы құжаттың сканерленген нұсқасы
(магистратураға түсу үшін) немесе қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі туралы құжаттың көшірмесі (докторантураға түсу үшін);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі
В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz)
немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz) сертификаты;
5) докторантура бағдарламалары, «Мемлекетік басқару – Public of
Administration» мен «Халықаралық қатынастар – Master of International
Relations» магистратура бағдарламаларына үміткерлер үшін келесідей
нәтижелермен ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне
(стандарттарына) сәйкес шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық
сертификаттардың бірі:
магистратураға - IELTS кемінде 4.0 балл, TOEFL IBT кемінде 32 балл
немесе TOEFL ITP (LEVEL 1) кемінде 343 балл, TOEIC кемінде 405 балл,
Duolingo English Test кемінде 65 балл;
докторантураға - IELTS кемінде 5.5 балл, TOEFL IBT кемінде 46 балл,
TOEFL IBT (LEVEL 1) кемінде 460 балл немесе TOEIC кемінде 550 балл,
Duolingo English Test кемінде 95 балл.
Ағылшын тілі оқыту тілі болып табылатын шетелдік және отандық
жоғары оқу орындарында дәреже алған үміткерлерге осы тармақшаның
талаптары қолданылмайды. Бұл ретте Академия қажет болған жағдайда
растайтын құжаттарды сұратады.
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін – жұмыс
орны бойынша кадр қызметі растаған қызметтік тізім; басқа үміткерлер үшін –
еңбек қызметін растайтын құжат;
7) докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін – зерттеу жұмысы
жоспарының жобасы (research proposal);
3