Page 9 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 9
негізінде сараланған тізім жасалады:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша;
- өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен.
Конкурстық іріктеуден өткен/өтпеген үміткерлерге оқуға
қабылданғаны/қабылданбағаны туралы хабарлама жіберіледі.
23. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер білім беру бағдарламалары
және қаржыландыру түрлері бойынша магистранттар мен докторанттар
қатарына алдын ала оқуға қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурстық іріктеуден
өтпеген және магистранттар/докторанттар қатарына қабылданбаған үміткерлер
Қабылдау комиссиясы бекітетін, магистратура мен докторантураның білім беру
бағдарламалары бөлінісінде жинаған балдарына сәйкес күту тізіміне
енгізіледі.
Магистрант/докторант оқуға қабылдау туралы бұйрық бекітілгеннен
кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан бас тартқан
жағдайда, магистрант/докторант Академия басшылығының атына оны оқытуға
нақты жұмсалған қаражатты өтеуге келісімін бере отырып, тиісті өтініш береді.
Бос орынға өзге қаржыландыру көздері есебінен магистратура мен
докторантура бағдарламаларына қабылданған тұлғаларды қоспағанда, оқу
басталғаннан кейін жеті аптадан кешіктірмей, күту тізіміндегі ең жоғары балл
жинаған үміткер қабылданады. Аталған тұлғалар күту тізімінен шығарылады.
24. Білім алушылар қатарына қабылдау үшін үміткерлер алдын ала
қабылдау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде
Академияның Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды ұсынады:
a. осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес құжаттардың
түпнұсқалары;
b. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е
нысаны бойынша медициналық анықтама;
c. осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес, дипломатиялық қызмет
қызметкерлерінің – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жолдамасына
сыртқы саяси қызмет саласындағы ведомство аппаратының басшысы қол
қоятын жағдайларды қоспағанда, жолдамаға үміткерді атқаратын лауазымына
тағайындау құқығы бар лауазымды адам қол қойған, лауазымдық жалақысының
мөлшерін, санатын және еңбек өтілін көрсете отырып, Академияға оқуға түскен
жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жұмыс орнынан анықтама;
d. Тараптар қол қойған, оқуды ұйымдастыруға арналған шарт.
25. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша оқуға түсуге арналған
конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер Академия ректорының бұйрығымен
оқуға қабылданады, оның ішінде:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша осы Ережелерде көзделген
үшжақты шартқа сәйкес, конкурс нәтижелері жарияланған сәттен бастап он
күнтізбелік күннен кешіктірмей;
8