Page 5 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 5
8) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған
электрондық өтініш. Шетелдік азаматтар Академияның ақпараттық жүйесіндегі
өтінішті шығарып, оған қол қояды және өтініштің қол қойылған сканерленген
нұсқасын жүктейді.
10. Үміткер Академияның ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде
Пайдаланушы келісіміне және дербес деректерді жинауға және өңдеуге
арналған келісімге қол қояды.
11. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар
заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс
тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқудың
1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде үміткерлер оқуға қабылдағаннан кейін
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы
құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Шетелдік жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары, ғылыми орталықтар мен зертханалар Қазақстан Республикасының
азаматтарына – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген
білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды
тану рәсімінен өтпей-ақ танылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары,
сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар
оларда оқуды аяқтаған тұлғаларға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан
Республикасының аумағында танылады.
12. Академия үміткерлердің деректері мен құжаттарының электрондық
сканерленген нұсқаларын үш жұмыс күні ішінде өңдейді. Үміткердің
құжаттары осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес
келген жағдайда, үміткердің жеке кабинетінде өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою
қажеттілігі туралы өтінім мәртебесі көрсетіледі.
13. Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және/немесе
қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Академия үш жұмыс
күні ішінде үміткерге құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін құжаттарды
толықтыру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы хабарлайды.
14. Егер үміткер оқуға түсушілерге қойылатын талаптарға сәйкес
келмеген; құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құжаттарды
толықтыру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы талапты орындамаған; дұрыс
емес ақпарат берген жағдайларда, үміткердің жеке кабинетінде құжаттардың
қабылданбағаны туралы өтінімнің мәртебесі көрсетіледі.
3. Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар
15. Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсетін
үміткерлерге қойылатын негізгі талаптардың тізімі:
15.1. оқу мерзімі бір жыл өндірістен қол үзіп жүргізілетін «Мемлекеттік
4