Page 2 - Оқуға қабылдау ережелері
P. 2
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
ректорының 2024 жылғы
«___» _____________
№___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау ережелері
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясында (бұдан әрі – Академия) білім алушылар контингентін
қалыптастыру заңдылықты, жариялылықты және ашықтықты қамтамасыз ету
қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Оқуға қабылдау рәсімі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып табылатын
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалардың қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында
тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Академияға оқуға қабылдау ережелері (бұдан әрі – Ережелер)
«Білім туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық
актілерге, Академияның Жарғысына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері болып
табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау мемлекеттік білім
беру тапсырысы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен
конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
ақылы негізде Академияда оқуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен
шетел азаматтарын қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуға түсуге арналған конкурсқа
мемлекеттік қызметшілер құжаттарды тапсыру сәтінде заңнамада белгіленген
зейнеткерлік жас шегінен аспайтын оқудың және кейіннен жұмыспен өтеудің
жиынтық мерзімдерін, сондай-ақ олардың мемлекеттік органда тұрақты
штаттық лауазымды атқаруын ескере отырып жіберіледі.
5. Мемлекеттік орган тұрақты штаттық лауазымды атқаратын
ұсынылатын мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік білім беру тапсырысы
есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
1